Нейрохирургиялық көмекті қажет етіп отырған кішкентай пациенттер енді Астанаға бармай ақ, Павлодарда тиісті ем-домын қабылдай алады. Оған «Қазақстан халқына» қоры берген жаңа заманауи аппараттар мүмкіндік беріп отыр. Ол қандай құрал, қалай жұмыс жасайды? Тілшіміз жалғастырсын.

Павлодар облыстық балалар ауруханасы жаңа жабдықтармен қамтылды. Осы ретте хирургиялық аппараттарды «Қазақстан Халқына қоры» және Қазақстан балалар Нейрохирургтары қауымдастығымен бірлесіп алып берді. Бұрын 2 сағат бойы жүргізілген манипуляциялар, енді бірнеше минутқа қысқарған.

ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ

Бізде мұндай құралдар болмады, болса да ескірген. Жұмыс істеу ыңғайсыз болды. Басқа ота жасау кезінде қарапайым қолдық әдіспен қолданған кезде 1,5 сағат уақыт кететін. Жаңа инновациялық технология арқасында миға қысқаруға, баланың тех жазылып кетуіне мүмкіншілік тудырады.

Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесі ашылғалы аталмыш құралдарды күтіп отырған, яғни 2013 жылдан бері. Осы уақыт ішінде дәрігерлер қолдағы бар жабдықтармен ауыр, ұзақ оталарды жасаған. Енді міне ақ халаттылардың көптен күткен арманы орындалды. Бөлімше жаңа заманауи техникамен толықты.

ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ

Болашақта біз берілген құралдар арқасында жалпы нейрохиругиялық операцияларды өткіземіз. Яғни бас ми жарақаты, бас ми сүйектерінің сынуы, оталарды жасаймыз. Толыққанды қолдануға мүмкіншілік алып отырмыз.

Бұрын жұлын, бас ісіктерінің оталары Астана қаласындағы орталықта жүргізілетін. Диагностика жұмыстары Павлодарда болып, балалар ұзақ уақыт бойы кезегін күтетін. Енді жағдай жақсарды. Жаңа технологиялы аппараттардың көмегімен кішкентай павлодарлық пациенттер ешқайда бармай –ақ, облыс орталығында ем шараларын қабылдай алады.

Самал Қалиқызы