«Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» жобасы аясында қоғамның бес кеселімен жүйелі күрес жүргізу керек. Осы орайда Аналар кеңесінің бастамасымен «Салауатты сана» жобасы іске қосылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

«Балаларымыз қауіпсіз қоғамда өмір сүрсін десек оны өзіміз бірге жасауымыз керек» ұранымен бастама алған жобаның мақсаты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, тәрбиелік танымдық бағдар беру. Аталған жоба аясында бастама ұйымдастырушылары Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкеновамен серіктестік орнатты.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, "НҰР-АНА ӘЛЕМІ" ҚБ ТӨРАҒАСЫ 

Мұндағы мақсатымыз бір. Осы облыс бойынша бала тәрбиесі жөніндегі жобаны қалай жүзеге асыру. Осы жобаны жүзеге асыру үшін тек қана 45 мектеп біздің қала бойынша, 1 колледж. Солармен жұмыс жасаудамыз. Әрбір колледжде және мектептерде аналар кеңесінін мүшедлері бар. Және аналар мүшесі 39 болатын соның ішіне Сәуле Сәбитқызында кіргізгіміз келіп отыр. Себебі біз білмеген заңдық жолдарды осы баламыз көрсетеді деп. Бүгін сол үшін мемариандумға қол қойдық. Келісімшарт жасап, екіжақ бірдей тәртіп жұмыстарын атқару үшін.

Кездесу барысында салауатты өмір салтын насихаттап, саналы қоғам қалыптастыру мәселелері қаралды. Адал азамат тәрбиелеуге бағытталған жаңа жобаның жүзеге асыру бойынша идеялар мен міндеттері талқыланды.

САУЛЕ ШАКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ

Бүгін біз өте маңызды келісімге қол қойдық. Анлар кеңесімен бірігіп серіктестік таныту жайлы мемарандумға қол қойдық. Әр адамның өмірінде анадан қымбат жан жоқ. Мен өзім ең алғаш болып осы аналар кеңесімен келісімге отырғаныма өте қуаныштымын, бұл мен үшін мақтаныш. Себебі мен өңірлік уәкіл ретінде баллаар құқығын қорғаймын. Ал ана мен бала бір тұтас тақырып. Біз баланы анасыз, не болмаса ананы баласыз елестете алмаймыз. Сондықтан бүгінгі орын алған келісім мен үшін өте маңызды.

Бастау алмақ «Салуатты Сана» жобасы нашақорлық, құмарпаздық тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған.

Салтанат Бауыржанқызы