Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жас қаламгерлер Алматы және Жетісу облысындағы әдеби турға қатысты. Шара қазақ әдебиетінің классиктері Ілияс Жансүгіровтің 130 және Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына ойластырылды. Аталған бас қосуға біздің арнамыздың тілшісі Жанасыл Серікбол қатысып қайттты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері Алматы, Жетісу облыстарын аралап, Талдықорғандағы көшпелі отырыста бас қосты. Жас қаламгерлер Бердібек Соқпақбаевтың, Ілияс Жансүгіровтің, Мұқағали Мақатаев пен Сайын Мұратбековтың балалық шағы өткен жерлермен танысты. Әдеби турға біздің арнаның тілшісі Жанасыл Серікбол да барып келді.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ОБЛЫСТЫҚ «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ

Бұл шара негізі биыл ұлы ақын классик Жансүгіровтың 130 жылдығы, Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды. Қостөбе ауылында болдық. «Балалық шаққа саяхат» бәріміз оқыдық. Соның оқиғалары болған ауылға мектепке бардық. Қара өлеңнің бесігі болған Қарасазға бардық. Қарасаз деген барша қазаққа әлемге белгілі. Ақын туралы деректермен музей жәдігерлері арқылы таныстық.

Шараның негізгі мақсаты әр өңірдегі жас қаламгер, жазушы-ақындардың басын қосу, мәдени, шығармашылық байланыс орнату.

ШЕРХАН ТАЛАП, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

Жас ақын жазушылардың қарым қатынасын нығайтып, жастарды қолдау мақсатында еліміздің әр өңірінен келген жастарды бір-бірімен таныссын деген ниет.

4 күнге жалғасқан әдеби турға еліміздің түкпір-түкпірінен 15 жас қаламгер қатысты.

Самал Қалиқызы