Ұстаздардың дәстүрлі қалалық тамыз конференциясында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, болашаққа жаңа міндеттер жүктеу дәстүрге айналған. Алқалы жиынға Павлодар қаласының әкімі қатысып, ұстаздарды марапаттады. Экранға зер салайық

Тамыз кеңесі барша ұстаздардың басы қосып, болашаққа ой жүріртетін ауқымды шара. Білім саласындағы түйткілдер айтылып, ортаға салынады. Алдымен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Павлодар қаласы білім беру саласының жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Қаладағы білім мекемелерінде кадрлық құрылымда тек жоғары мамандандырылған ұстаздар жұмыс істейді. Оқушылар қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында, түрлі сайыстар мен спорттық шараларда әрдайым жүлделі орындарға ие болады. Қазіргі күні жаңа оқу жылына дайындық жүз пайызды құрайды.

ҚУАНЫШ ҚЫДЫРАЛИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Қаламыздағы білім саласында контингенттің айтарлықтай өсуіне байланысты 2500 оқушы тапшы. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде бірінші сынып оқушыларының саны 17%-ға, 10 сынып оқушылары 11% – ға өсті. Тапшылықтың басты шешімі - жаңа мектептер салу болып табылады. Алдағы уақытта үш кент пен ауылда мектептер салу жоспарланып отыр

Мұғалімдерге қойылатын талаптар жыл сайын артып келеді. Сондықтан жас маманды даярлауда тоқтап қалмау керек. Тамыз кеңесіне қатысқан қала басшысының айтуынша, білім беру саласын қаржыландыруға бөлінген қаражаттың көлемі ұлғайған. Ол ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үздіксіз білім беру жүйесі құзыреттілігін дамытуды бірінші орынға қойып отырмыз. Жаңа модернизация мен инновациялық жүйелер білім саласындағы бәсекелестікті арттырып келеді. Соңғы үш жылда Павлодар қаласының білім саласын дамытуға үш млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның көбі жөндеу жұмыстарына, білім ошақтарының техникалық базасын жақсартуға жұмсалды. Айта кетсем, биыл 8 білім беру нысанын жөндеуге шамамен екі млрд теңге бөлінді, ал екі мектепке кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы оқу жылы табысты болатынына сенімдімін

Сапалы және бәсекелестікке қабілетті білім беру – ел ұстаздарының абыройлы міндеті. Кеңесте жас ұстаздар да қатысты. Оларға білім сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсізідігіне қатысты жобалар таныстырылды.

Тамыз кеңесінің екінші бөлімі мерекелік шараға ұласты. Ұстаздық жолда еңбегі сіңген жандар түрлі марапатқа ие болды.

 «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған жандардың бірі Әлия Егінбайқызы. Ол тарих пәнінің мұғалімі, жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. Маман педагог шебері.

ӘЛИЯ ҚАСЫМЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ЖҰМАБЕК ТАШЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Тек ғана жалғыз менің еңбегім емес, мен білім берген оқушылардың жетістігі, ата-аналар мен ұжымынң арқасы. Жыл сайынғы қалалық тамыз конференциясы жаңа талаптар, жасанды инттелект дегенге назар аударумыз керек. Жаңа оқу жылына мақсат пен мүжжелер қойылды. Барлық әріптестерімді келіп жеткен жаңа оқу жылымен құттықтаймын

Биыл тамыз кеңесінде «Диджитал Қазақстан - жаңа замандағы білім беру» бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды. Педагогтер де бұл үрдісті қолдайды.

ЖАНАТ РАКИШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Бүгінгі таңда біздің ең негізгі мақсатымыз циярлық сауаттылық. Сол бойынша көп мағлұмат берілді, ең маңызды сұрақтардың жауабын бүгінгі кеңестен алдым деп ойлаймын. Бүгінгі күні менің 35 жылдық еңбегім еленіп, «Үздік педагог» дипломымен марапатталып отырмын. Рахмет

Өткен оқу жылында жоғары жетістікке жеткен мектептер түрлі аталымда марапатқа ие болды. Ал, оқу-ағарту минстрлігі атынан алғыс хатты №121 балабақша тәрбиешісі алды.

Қалалық тамыз кеңесі конерттік бағдарламамен аяқталды.

Қымбат Садық