Оқуды енді ғана аяқтаған жастардың жұмысқа орналасуы қиын. Өйткені көпшілігі жас маманның тәжірбиесін сұрайды. Осы мәселе облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Павлодар облысында жұмыспен қамту мәселесі өзекті тұр. Әсіресе, жас мамандарды жұмысқа орналастыру жағы қиын.Өйткені, оқуды енді ғана аяқтаған маманнан тәжірбиесінің бар жоқтығы сұралады. Сол себепті де диплом алған жастардың басқа салаға кетуге мәжбүр.

Өйткені, жастардың көбі қалада жұмыс істегілер келеді. Соның кесіренен ауылдық елді-мекендерде маман тапшы. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында маман жоқтығы саланың алға ілгерлеуіне қолбайлау болып отыр.

Мүмкінділігі шектеулі жандардың да екі қолға бір күрек табуы проблема. Көптеген кәсіпорындар жарымжан адамды жұмысқа алуға құлықсыз. Жұмыс тапқанның өзінде ол жұмыс істеуге де қажетті жағдай жасалмаған. Тіпті, кей ғимараттарда пандустың өзі жоқ.

Жиында аудан қала әкімдіктерінің өкілдері өздері атқарып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Алдағы уақытта оқу орындары дуалды оқыту жүйесін қолға алмақ.

Өзгеріс Қуанар