Колледждер мен жоғары оқу орындарында орын тапшылығы жылдағы мәселе. Алыстан ат терлетіп келген студенттер орын жетпегендіктен туыс аралап, пәтер жағалап кетеді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жатақханаларға мониторинг жүргізілді.

Нұрлы мен Мерей бірі Түркістан облысынан, бірі Көкшетаудан келген. Болашақ студенттер өңірдегі жоғары оқу орының таңдап, білімдерін шыңдамақ. Әрине алыс қаладан келген студенттерге жатақхана маңызды. Олар өздері орналасқан орындары жайлы екенін айтады.

НҰРЛЫ ӘМІРЖАН, МЕРЕЙ МАМЫРАХИМ, СТУДЕНТ

Филология факультетіне түскен болатынмын. Осы 3 кампусқа оранластым. Жатақхана ұнады.Барлығы жақсы қарсы алды. Барлық жағдайлар жасалаған. Ыстық су, мүұздай су бар. Болашақта универститетке өз үлесімді қосуға тырысамын.

Мұндай мониторинг жүргізудің мақсаты – оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға сай екенін тексеріп, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін деректерді анықтау.

АСЫЛЖАН ТЕМІРХАНОВ, СТУДЕНТТІК КЕҢЕСТІҢ БАС ТӨРАҒАСЫ

Қазіргі таңда үшінші компусымыз ашылды. Арнайы кітапханалар, жиналыс жасайтын залдар бар. Студенттер тек көңілді жүреді. Психолог кабинеті бар. Алғашқы көмек несі де бар. ++++Енді қазіргі таңда көп минус жерлері болады. 665 бала орналастырылды. 290 ы бірінші курс студенттері.

Бұл университеттің 3 жатақханасы бар. Жоғары оқу орнының 1460 студенті жатақханамен қамтылады. Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмені Дәурен Шәріпов жатақханаларды мәселе барын жасырмады. Олардың бірі интернетпен қамту.

ДӘУРЕН ШӘРІПОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕН

Бірінші кезекте мониторинг комиссиямен электр тоғы, су жабыдқатауына, интернет бар ма, студенттер үшін қаншалықты жағдай жасалынған студенттер үшін соны бағалайтын боламыз.

Павлодар облысында 4 жоғары оқу орын болса, жалпы 8 жатақхана бар. Олардың бағасы айына 11-15 мың теңге шамасында. Жаңа оқу жылы қарсаңында қоғам белсенділері жатақханалардың әрқайсысына барып, мониторинг жүргізді. .

ДӘУРЕН ШӘРІПОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕН

Бүгін бізде масштабты түрде жоспар бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. Оған дейін шілде айының соңында тексеріс өткігенбіз. Қазір оқу жылы басталмай жатып, дайындықты тексеріп жатырмыз. Қазан айында студенттер орналасқанан кейін қандай жағдай жасалғанын бағалайтын боламыз.

Одан бөлек, Екібастұз қаласындағы жатақханалар да назардан тыс қалмайды. Онда да алдағы күндері омбусмен мониторингпен барады.

Самал Қалиқызы