Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп табалдырығын аттағалы отырған №1 кешен балабақша-мектеп-интернат мекемесінің оқушыларына сый жасалды. Оқуға қажетті кеңсе тауарлары мен сөмкелер табысталды. Игі істі кім қолға алды? Тілшіміз айтсын.

«Ертіс Медиа» холдингі облыстық депуттармен бірлесіп қаламыздағы №1 кешен балабақша мектеп интернат мекемесіне келіп, мектепке жаңа барғалы отырған бүлдіршіндерге сыйлық берді.

ӘСЕЛ ЖАНДАРБЕКОВА, АТА-АНА

Бүгінгі оқу жылында қызым даярлық топқа келеді. Бүгн мейрам қарсаңында Конституция күніне орай депуттар балаларға кеңсе тауарымен көмек беріп жатыр. Сөмке толған кеңсе тауарлары. Ата аналар атынан алғыс білдіргім келеді. Көптен көп рахмет.

Жалпы шаһарымыздағы №1 кешен балабақша мектеп интернат есту қабілету бұзылған, сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған мекеме. Оқушылардың арасында көпбалалы, әлеуметтік көмекті қажет ететіндер де бар. Сондықтан олардың ел қатарлы сапалы білім алып, қоғамның бір мүшесі болуына жан-жақты үлес қосқан абзал.

ДИНАРА АЙТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бүгін Білім күні қарсаңында ұстаздар мен оқушыларды, ата аналарды құттықтап келдік. Кеңсе тауарлары салынған сөмкелерімізді ұсындық. Одан бөлек, мектептің ішін, аумағын аралап жаңа оқу жылына дайындығын көрдік. Мектеп әкімшілігін айтар ұсыныстары да бар, оны да бақылауға алдық.

Мектепте 100-ге жуық бала білім алады. Бүгін даярлық топқа барған екі сыныптың оқушылары осындай сыйды иеленді.

САУКЕН ӘБУОВА, №1 АРНАЙЫ КЕШЕН БАЛАБАҚША-МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ

Біздің мектепте 100 шақты бала оқиды. Балабақша екі топ бар. Әр сыныпта 7 баладан бар. Балаларымыз 10 сыныпқа дейін оқып, арнайы колледждерге барып жатады. Ары қарай жұмысқа тұруға көмектеседі.

Осылайша ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар жақсылық жасап жарысқан Ертіс Медиа Холдингінің ұжымы мен облыстық мәслихат депуттарына алғысын білдірді.

Самал Қалиқызы