https://youtu.be/froigGYQ0jAМинир Галеев 1977 жылы Павлодар қаласына келіп, құм-қиыршық тас карьерін басқарды. Еңбек жолын жер асты жұмысшыдан бастап, Павлодар жол-құрылыс материалдары өндірістік бірлестігінің директорына дейін өтті. 1993 жылдан бері Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы болды. Қазақ тілінің дамуына, мәртебесін көтеруге үлес қосты. Осыған орай қаламыздағы №24 мектепте оның атына кабинет ашылды.

ЭЛЬДАР ГАЛЕЕВ, МИНИР ГАЛЕЕВТЫҢ ҰЛЫ

Минир Хамитұлы қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға, оның мәртебесін көтеруге үлес қосты. Этносаралық байланысты нығайту үшін көп жұмыс істеді. Ұлттық, мемлекеттік мерекелерге қатысатын. Мен айтпасам да бәрі біледі. Жалпы былтыр 24 мектеп Қазақстан Халқы Ассамблеясының кабинеті ашылды. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында биыл әкемнің, Минир Хамитұлы Галеевтің атында кабинет ашу ұсынылды. Біз бірден қолдадық. Көмектесуге тырыстық.

Оқу аудиториясы соңғы үлгідегі инновациялық тақтамен, ортопедиялық жабдықпен, ақпараттық стендтармен жабдықталған. Жоба «Қазақстан Халқы Ассамблеясы кабинеті» жобасы бойынша жүзеге асып отыр.

ГҮЛНАШ СМАҒҰЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №24 ЖОББМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Бүгін біз үшін ерекше күн 24 мектепте Минир Галеевтің қазақ тілі кабинеті ашылды. Кабинет өте жарық, заманауи, осы демеушілік жасап жатқан отбасының балаларына көптен көп рахмет айтамыз. Келе жатқан мереке құтты болсын. Зор денсаулық тілеймін.

НҰРЛАН БЕЛГІБАЙ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №24 ЖОББМ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

№24 мектепте Қазақстан Халқы Ассамблеясының екінші кабинеті ашылып отыр. Оған Минир Галеевтің аты берілді. Бұл кабинетте біз қазақ тілі мен әдебеиетін оқимыз. Осы ретте демеушіміз, Эльдар Галеевке алғыс айтамыз.

Шараға этно-мәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея мүшелері, оқушылар қатысты.

Самал Қалиқызы