Астанада шахматтан «Senat Open» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 2 мыңнан астам әуесқой шахматшы қатысты. Олардың қатарында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері және БАҚ өкілдері бар.

Турнир Парламент Сенатының қолдауымен және Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Іріктеу сәуірде басталып, әрі өңірден үздік 25 ойыншы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық болып аймақтық принцип бойынша құрылған жартылай финалда ойнау мүмкіндігіне ие болды. Солардың арасынан финалға 120-дан астам шахматшы Астанаға жолдама алды. Олар 9 раундтық рапид қорытындысы бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазіргі уақытта шахмат зияткер ұлтты қалыптастыруда өте маңызды ойындардың бірі. Әлемдегі ауыр геосаяси жағдайда, бәсекелестік де қатты. Осы жағдайларда Қазақстан мықты, қойылған мақсаттарға жетсін десек ұлттық интеллектуалдық потенциалын нығайту керекпіз. Осындай турнирлердің өтуі маңызды.

Жартылай финалға 500 шахматшы шықса финалдық кезеңге 120-дан астам қатысушы келіп отыр. Жеке есепте Павлодар облысынан Нариман Жаманбалинов үздік болды, ол 6-орын алды. Командалық есепте астаналықтар жеңімпаз болса, шымкенттіктер екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Павлодар облысы иеленді. Қоғамдық ұйымдар номинация бойынша үшінші орынды Нариман Жаманбалинов, әйелдер арасынан Рашиля Жаманбалинова үздік атанды.

Самал Қалиқызы