Павлодар облысының 60 мыңнан астам тұрғыны 35 млн теңгеден астам мүлік салығын төлемеген. Тұрғындарда оны өтеуге 1 қазанға дейін уақыт бар. Ол уақыттан асып кетсе, іс жеке сот орындаушыларына жетіп, өсімпұлдар болатынын салықшылар ескертеді.

Мемлекет басшысы осы жылғы Жолдауда Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырған еді. Жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған, деді Президент. Ал мемлекеттік кірістер департаменті павлодарлықтарға 1 қазанға дейін мүлік салығын тапсыруға шақырады.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Біздің облысымыздың 60 мыңнан астам тұрғын 35 млн теңгеден астам мүлік салығын төлемеген. 2023 жылдың жеке тұлғалар иелігі 330 млн теңгені құрады. Оны облыстың 250 мың адамның мүлікі бойынша. 300 млн теңге түсті. Мүліктің бірнеше иесу болса, бір адам төлесе салығы есептеледі саналады.

Өткен аптадан бастап қағаз түбіртектерді мекенжайларға жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Салықтың бар жоғын, сомасын мобильді қосымшалардан тексеріп, төлеуге болады. Мүлік салығы 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда, салық қана емес оның өсімпұлдарын төлеу керектігін ұмытпаңыз.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Жеке тұлға мүлік салығын төлемеген жағдайда және жеке сот орындаушыға жеткен болса, мүлік салығын, өсімпұлдарды төлейді, солай өтейтін болады.

Осылайша салық төлемегендер банк қызметтерін ала алмайды. Ал, салық бұйрығы шыққаннан кейін 5 күн өтсе тіпті шетелге шығуға болмайды. Сондықтан ертерек қамданған жөн.

Самал Қалиқызы