Астана қаласында түркі әлемі көз тіккен 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды. Ұлы дала дүбіріне Павлодар облысы үш киіз үй тікті. Айта кетейік біздің арнамыздың түсірілім тобы көшпенділер ойындарынан хабар таратады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған этноауылда Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі үш киіз үй құрды. Онда қазақтың түрлі салт-дәстүрлері көпшілік назарына ұсынылуда. Олардың бірі ұлы тұлғалар ғұмырына, қимақ дәуіріне, бірі спорт және туризмге арналған.

ЕРЛАН РАХИМОВ, МАЙРА ШАМСУТДИНОВА АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ БАСШЫСЫ

Қимақ дәуірі тоғызыншы, оныншы ғасырларда мекен еткен Әл-Идриси,Махмұд Қашқаридың еңбектерінд жазылған. Олардың астанасы, павлодар өңіріндегі территориясы, екі астанасы, Ертіс бойында он алты қаласы орналасқан, оның он екісі Павлодарда. Сондықтан, осындай бір ерекше тақырыпты алып келіп отырмыз

Айта кетейік, көшпенділер ойынының алғашқы додасы «жамбы ату» түрінен өтті. Онда өзге ұлт өкілдері де өз әсерімен бөлісті.

Жалпы, шара жоғаыр деңгейде ұйымдастырылды.