Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәстүрлі «Парасаттылық сағаты» атты акция өтті. Оның аясында жоғары оқу орындарының бірінде студенттерге жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүріп жатқаны туралы айтылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басында мектептерде, колледждерде және университеттерде "парасаттылық сағаты" акциялары өтеді. Оның барсында мамандар жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылар құрамына қызметтің жұмысы және сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің алдында қандай міндеттер тұрғаны туралы түсінік берді.
МЕДЕТ ӘМРАЛИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСШЫСЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әр іс-әрекетке тек сала мамандары ғана емес, бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдардың барлығы жауапты. Әлемде барлық елдер үшін оңтайлы болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тетіктердің бірегей жиынтығы жоқ. Онымен қарсы күресте нәтиже көрсету үшін алдымен барлық адамдардың қалауы мен жұмысы қажет, жалпы қоғам осы әлеуметтік зұлымдықпен талмай күресуі керек.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер «бизнес жол» және «жемқорлыққа қарсы волонтерлік" сияқты жаңа жобаларда айтылды. Ондағы мақсат еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды тарту.
МЕДЕТ ӘМРАЛИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСШЫСЫ
Біздің мұндай кездесулер өткізуіміздің басты мақсаты "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік"жобасын іске асыру болып табылады. Бұған кез келген студенттер мен оқытушылар қатыса алады. Мұндай жобалар қоғамдық бақылауға, тәртіпке бағыттайды
Айта кетейік, жыл басынан сыбайлас жемқорлықтық қылмыстар жасағаны үшін 38 шенеуніі жауапқа тартылған.
Қымбат Садық, Ермек Сапаров