Мемлекеттік кірістер департаменті 15 қыркүйекке дейін кешіктірмей, декларация тапсыруға шақырады. Айта кетсек, Павлодар облысында жыл басынан жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңінен 143 мың адам өтті.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі 4 кезеңмен жүреді. Онда жеке тұлғалар табыс құжатын жүйе бойынша активтер мен міндеттемелер туралы 250 форма негізінде тапсырады. Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүліктер туралы есепті 270 үлгіде өткізеді. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша тапсырады.
РУСЛАН РАХЫМБЕРДІ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізілді. Соларға тоқталып өтсек, бірінші кезеңде жауаптты мемлекеттік қызмет атқаратын адмадр мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Ал екінші кезең өткен жылдың 1 қаңтарынан басталған, онда мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлері мен жұбайлары, ал үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын ,жеке кәсіпкерлер декларацияланады. Төртінші кезең 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады, онда азаматтардың қалған санаты декларация тапсыруы керек
Айта кетейік, елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Ол бизнес өкілдерін қамтиды. Осы кезеңнің айырмашылығы декларация тапсыратын азаматтар тек шетелде орналасқан жылжитын, жылжымайтын мүлкін, көлік, активтер мен құнды қағаздар, авторлық құқықтарды қана көрсетеді.
РУСЛАН РАХЫМБЕРДІ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Енгізілген өзгерістерді ескерсек бейрезидент деп танылған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті емес. Бұдан бөлек, дара кәсіпкер, коммерциялық ұйымның құрылтайшысы, оның мүшелері, акционерлер де боасатылады
Биыл 15 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, декларация тапсыру 16 қыркүйекке ұзартылды. Ол күннен асып кеткен жағдайда тиісті жауапкершілік қолданылады.
ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кәсіпкер ретінде тапсыратын отчеттар болады. Уақытында тапсырмаса 250 декларацины тапсырмаса онда айыппұл салынады
Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» қызметтері, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы арқылы, сонымен қатар, Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.
Қымбат Садық