Адамдарға құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдарға хабарлауға мүмкіндік беретін Halyk Tumar мобильдік қосымшасы көкжиегін кеңейтеді. Енді Шарбақты мен Аққулы аудандарының тұрғындары құзырлы мекемеге шағымдарын түсіре алады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Прокуратура мен дептуттар барынша бұқраға жақын болмақ. Келісіп пішкен тон келте болмас, ымыраласып жасалған істе нәтиже болары сөзсіз. «Халық тұмар» қосымшасы заңғы қайшы әрекеттерге жол бермеуге жасалған игі бастама. Платформа қазір өңірдің қалаларында істеп тұр. Май, Баянауыл аудандарында таныстырылды. Енді Аққулы мен Шарбақты аудандарында іске қосылады.

ЕРЖАН ДҮСЕКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қосымша арқылы біз облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен бірлесіп азаматтардың өтініштерін қадағалаймыз. Бақылау жүргіземіз. Бұл бастама облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен елімізде алғашқы рет жүзеге асырылып жатқан жаңашылдық. Біз өңірде қосымшаны енгізу бойынша бірлескен Жоспарға қол қойдық. Қазір мобильді платформаны Ақсу, Екібастұз, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Успен және Тереңкөл аудандарының тұрғындары пайдаланады.

«Халық тұмар» аймағымыздың әр ауданында кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Бұл әрине заң бұзушылықтың жолын кесуге септігін тигізері анық. Платформа қолдануда жеңіл. Сауалды тақырыбына сай көрсетілген тармаққа жолдауға болады. Оған түскен әр мәселе тікелей құзырлы мекемеге жолданады.Сондай-ақ, бұл күні жобаны әзірлеген IT-компания өкілдері консультация өткізіп, мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді. Құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған «Халық тұмар» тікелей тұрғындардың өтініштерімен жұмыс жасайды.

БОЛАТ АМАНЖОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Баршаға мәлім кейбір кездері азаматтар әкім немес оның орынбасарларының қабылдауына кіре алмай тұрады. Ал осы мобильді қосымша арқылы шенеунікке жүгінуге мүмкіндік бар. Тіпті фотосурет жіберуге болады. Мысалы, оқиға орнынан болып жатса. Біз облыстық мәслихат депуттаттары бұл қосымшаны таныстыруға келдік.

Айта кетейік әрбір анықталған құқық бұзушылық үшін хабарлама жіберген авторға бонустар түседі. Бұл жеңілдіктерді хат иесі дүкендерде, қоғамдық көліктегі билетке, тіпті ақшалай сыйқақы ала алады.

Ермек Сапаров