Павлодар облысы биыл 1 млн 406 мың гектарға егін себілді. Оның 928 мың гектары дәнді дақылдар. Майлы дақылдар 374 мың гектарға егілген. Жем-шөп, картоп, көкөніс пен бақша өнімдері де бар. Қазір орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Жалпы алқаптың 56 пайызы орылыпты.

Оның ішінде дәнді дақылдардың 85 пайызы жинаған. Өнімділік гектарынан 12 центнер. Майлы дақылдардың 0,6 пайызы жиналыпты. Орташа өнімділік гектарына 11,7 центнер. Картоп пен көкөністердің де жартысынан көбі жиналыпты. Бақша өнімдерінің айнаалсындағы жұмыс 100 пайызға аяқталды.

Элеваторларда сақталып тұрған 64 мың тоннаның 28 мың тоннасы биылғы дақылдар. Оның ішінде 3 классты сұрып -13,5 мың тонна, 4 классты сұрып– 2,4 мың тонна, 5 классты сұрып– 1,9 мың тонна. Ал, 10,1 мың тонна бидай ешқандай клссқа жатпайды.

Биыл күзгі - дала жұмыстарын жүргізуге 30,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті. Бұл өткен жылғы мөлшерден 1,9 мың тоннаға артық.

Ауыл шаруашығы тауарларын өндірушілерден 25 тонна сұйық отынның өтінімі түсіп, 15 мың тоннасы берілген.

Жанасыл Серікбол