Этномедиация елдіктің негізі. Көптеген халық өкілдері мекен еткен еліміз үшін бұл бүгінгі таңда маңызды салалардың бірі. Павлодарда бүгінгі татулықтың негізі қандай? Этностар арасындағы бірлікті қалай сақтау керектігі жөнінде жиын өтті.

Қазақстан халықтары асссамблеясы бірнеше бағытта жұмыс істейді. Мәселен, ақсақалдар алқасының өз атқаратын міндеті бар. Ал, этномедиация институты соңғы жылдары дамып өз міндетін атқаруда.

Қазақ халқының кең пейілі еліміздің іргесін бүтін, шаңырағын биік ұстап келеді. Ал, осы жолды одан әрмен дамыту болашақтағы ықтимал жағдайлардың алдын-алу бүгінгі міндет.

Қазір үш бағытта этномедиаторлар оқытылуда. Олардың қатарында әр түрлі қоғам өкілдері бар.

Жанасыл Серікбол