Өңірде шахматтың дамуына елеулі үлес қосқан Қинаш Алдажаровты еске алу дәстүрлі турнирі өтті. Оған мектеп оқушыларымен зейнеткерлер де қатысты. Зияткерлік ойынның өтуіне ұрпақтары айрықша атсалысты. Толығырақ тілші материалынан көрейік.
Бұл турнир облыста терең дәстүрі бар сайыстардың біріне айналған. Шахматшылар жыл сайын асыға күтетін ой мен ерік-жігер сайыстарының бірі. Оған 50-ден астам қатысушы келді. Турнирдің жыл сайын өтуіне оның балалары үлес қосып келеді.
ҚУАТ АЛДАЖАРОВ, ҚИНАШ АЛДАЖАРОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ
Атамыз жас кезінен бастап мектеп оқушыларын шахматқа үйретті. Қазір облыста оның шәкірттері өте көп, біраз жетістіктерге жеткен жандар бар. Енді, міне, балалары, немерелері атамыздың жолын жалғастырып келеміз. Бәріміз балаларымызға үйретеміз, оны ұрпағы міндетті түрде білуі керек, ұмытпауымыз керек деп ойлаймын
Қинаш Алдажаров Ертіс ауданында математика және физика пәндерінен ұстаздық қызмет атқарып ғана қоймай, спорт мектебінде жаттықтырушы болған. Сол кезеңде ауданда алғаш рет шахматтан турнир өткізген. Көзін көргендер оның ауыл балаларын интеллектуалды ойынға тарту басты мақсаттарының бірі болған деген пікірде.
ШӘРІП КАШКЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №3 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өзі ерінбейтін балаларды жарысқа апаруға. Үлкен кісілердің арасында сол уақытта көп кісілер келетін. Жарыс жоғары деңгейде өтуші үшін мықты төрешілерді шақыратын. Ұйымдастырушы, өнерлі, алдынан белгілеп қойатын адам болатын. Бір кісіні артқа қалдырмайтын. Тек шахматқа ғана емес, тоғықұмалаққа дла апарып жүрді балаларды
Еске алу турниріне Қинаш Алдажаровпен талай рет шахмат ойнаған жолдастары да қатысты.
ЖОЛДЫБАЙ НЕТАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР
Қазақ айтады ғой, ішкен асын жерге қояды деп.Ол кісі шахматты сондай жақсы көрді. Ертіс ауданының біраз жастарын тәрбиеледі. Мен өзім Кутузов совхосындағы мектеп істедім.Үлкен ұлым осы кісінің қарамағында болып, 2-3 сыныптан бастап жарыстарға қатысып отырды. Ол кісі тәрбиеледі деп айтуға болады
Кезекті мәрте өткен шахмат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар орайластырылды.
Қымбат Садық