Павлодар облысында «Қамқорлық» айлығы басталды. Бұл науқан шеңберінде кез келген азамат мұқтаж адамдарға қол ұшын бере алады. Айта кетейік, биыл өңірдің 20 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік көмек алды.

Бүгін – халықаралық қарттар күні. Аталған күнге орай бірнеше санаттағы азаматтарға мемлекеттен төленетін қолдау бар екен. Біржолғы төлем есеп шоттарына аударылды.

ВЕНЕРА ДЕМЕУБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Халықаралық қарттар күні қарсаңында облыс бйоынша қалалар мен аудандарында бюджет қаражатынан зейнетақының ең төмен алатын зейнеткерлерге 2 АЕК төленді. Және 80 жастан асқан зейнеткерлерге 3 АЕК бір жолғы төлемдер жүргізілді. Осы шарамен облыс бойынша 20 мыңнан астам зейнеткер қамтылды.

Қамқорлық айлығы шеңберінде жеке кәсіпкерлер мен демеушілер осал топтағы азаматтарға азық түлік себетін үлестіре алады. Сондай-ақ, қолдауға зәру жалғызбасты зейнеткерлерге үй шаруасына жәрдем жасауға болады. Айта өтейік, елімізде 100 жастан асқан 423 қария бар.

Әйгерім Тоқпанқызы