Қарттар күнін Қазақстан халықтарының Ассамблеясы да атап өтті. Мерекелік концертке біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.
Қарты бар елдің қазынасы бар. Ассамблея өкілдері облыстың қарт тұрғындарын да назардан тыс қалдырмайды. Оларға әркез рухани көмек қолын созып, өмірден жаңа мағына табуларына жол ашады. Бүгінгі концерттік бағдарлама да қазына қарттарды құттықтау үшін ұйымдастырылды.
ОЛЬГА НИКОЛАШИНА, ФИН-УГОР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Біздің мерекелік бағдарламасыз концертен әр түрлі конкурстардың жеңімпаздарын мараптау шараларынан тұрады. Мәселен, «белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен» бірлесіп өткізген фотоконкустың жеңімаздары ел алдында мараптталады. Бұл «Менің клубым-менің отбасым» тақыбырында өткен байқау. Клуб қаланың қарт тұрғындарына көмек қолын созуда. Онда қариялар әр түрлі үйірмелерге қатыстып, өздерін жаңа қырынан ашады. Өздеріне жаңа хобби табады. Бір сөзбен айтқанда өздерін қайтадан табады.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ассамблеямен бірлесіп бірқатар жобаларды іске асыруда. Нәтиже де жоқ емес. Үш жылға жуық уақыттың ішінде қарттарға арналған көптеген клубтар құрып, әр түрлі үйірмелер жұмыс істеуде.
Қартар күні халықаралық атаулы күн. Елімізде 1991-жылдан бері аталады. Әр жыл сайын аға буының еңбегін атап, көңілдерін аулаудың ауқымды шарасы ретінде қалыптасуда.
Жанасыл Серікбол