Павлодар қаласының №41 мектебі денешынықтыру сауықтыру бағытын ұстанған. Бүгін білім ошағында ұлттық ойындар ұйымдастырып, спорттық жарыс өткізді. Оған өңірдің қолөнер шеберлері де қатысқан. Толығырақ әріптесім айтып берсін.
Осындай рухты әуенмен №41 мектеп оқушылары төл өнерімізді дәріптеп, шараның тұсауын кесті. Жиыннан соң ах дастархан жайылыды. Кейін шара ажары оқушылардың қатысумен өткен ұлттық ойындарға ұласты. Спортты дода «Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында ұйымдастырылды.
МАҚСАТ КӨЛТАЙ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №41 ЖОББМ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САУЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Жалпы, бұл шара «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда, кішігірім көшпенділер ойыны десек те болады. Яғни, бұнда қазақтың ұлттық ойыны асық ату тоғызқұмалақ қол күрес қазақша күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылды
Балалар додасының басты қатысушылары оқушылардың ата-аналары болды. Оларға көшпенділер ойцыныңда рекорд орнатқан аламан құрақ қатысушылары шеберлік сағаттарын көрсетті.
ДИНА ЕРЖАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Бүгін мектебімізде ауқымды шара болып жатыр денсаулық күніне арналған. Сонымен қатар бұл шараға қас шеберлерді шақырдық өзіміздің өңіріміздегі. –– әжелеріміз келіп отыр өз бұйымдарымен тоқылған бұйымдар тұмарлар, ұлттық нақыштағы бұйымдар
Айта кетейік, №41 мектеп ұжымы ұлттық спорт ойындарына бағытталған үйірмелерді оқушыларға жиі өткізеді. Осы арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, салт-дәстүрімізді дәріптейді.
Байтұрсын Жұмабай