Шығыс Қазақстан облысында өткен театрлар фестивалінде Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрының ұжымы жүлделі орын алды. Өнер байқауында олар «Менің атым – Қожа» қойылымын ұсынды.

Өскеменде Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды. Оған еліміздің 10 үздік театры қатысқан. Жерлестеріміз бұл бәсекеде «Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлық» номинациясына ие болды.

НҰРКЕН ТҰРЛЫБЕК, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен және Қалекей театры бар, Өскеменнің өз театры бар. Соған байланысты Ж. Аймаутов тетры Менің атым – Қожа спектаклін алып барып ұсынған болатынбыз фестивальде бақ сынадық

 «Менің атым – Қожа» спектаклінің режиссері Жангелді Садықов. Көпке таныс шығарманы ерекше жеткізген. Өнер азаматтары бір көріністе екі Қожаны сомдаған.

НҰРКЕН ТҰРЛЫБЕК, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жерде екі Қожа шығады бізде. Режиссердің шешімі Ж. Садықов бір Қожа теңтек болса екінші Қожа ойланатын Қожа басқалардан солай ерекшелендірді.

Алда Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры көрермендерін жаңа премьераларымен қуантпақ.

Байтұрсын Жұмабай