Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда мемлекеттік қызметкерлер сөгіс және ескерту ретінде тәртіптік жазаға тартылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысы кезінде 6 іс қаралды. Оның екеуі тәртіптік.
ЕРҒАНАТ АБИСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
2024 жылдың 12 сәуірінде керек пв парақшасында мақала жарияланды. Осыған байланысты қызметтік тексеру тағайындаланып, көлік оған бекітілгені көрсетілген. Белгілері байқалатынын анықталды.
Гүлнар Сейітқазина Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болып 2013 жылдан бері жұмыс жасайды. Қолданыстағы тәртіптік жазасы жоқ.
ГҮЛНАР СЕЙІТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қызметтік тергеуге негіз болған Әлеуметтік желіде таратылған бейнеде көліктің маркасы көрсетілмеген, бейне тоқтап отырды. Онда тоқтаған аялдама, бейненің қай уақытта жазылғаны да белгісіз. Бейненің авторы да белгісіз.
Қызметтік көлікті аудан әкімінің орынбасары негізсіз пайдаланбағанын айтты. Бірақ жол бойында болған кезде жоғарыдағыдай жағдайлар болатынын жасырмады. Сонымен, әдеп жөніндегі комиссия мүшелері бірауыздан Павлодар ауданы әкімінің орынбасарына сөгіс ретінде тәртіптік жаза тағайындады. Кеңесте екінші іс Павлодар ауданы Григорьевка ауданы әкіміне қатысты болды.
НҰРЛАН ОПАБЕКОВ, ПАВЛОДАР АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ағымдағы жылдың 9 мамырында Павлодар ауданы Григорьев ауылдық округінің әкімі Талғат Бланкин жеңіс күнін тойлауға қатысты ауыл тұрғынына азық түлік бар пакет сыйлады. Оның ішінде сұйық май, тәттілер және 1 шөлмек арақ болды. Сол күні аталмыш ауыл тұрғынының үйінде өрт орын алды. Үй толық жанып кетті. Үйде әйелдің денесі табылды. Осылайша мемлекеттік қызметкердің әдеп Кодексін бұзғаны анықталды.
Бұл ретте мемлекеттік қызметкер аталмыш азық түлік толы пакетті тұрғынға мерекеге орай бергенін жасырмады, бірақ ішінде не болғанын білмедім деп ақталды. Әдеп жөніндегі кеңес отырысы комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметкер ескерту алды.
Самал Қалиқызы