Павлодар облысының өткен 9 айдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы қорытындыланды. Биыл әулеуметтік сала, орман шаруашылығы бойынша бірқатар жемқорлық фактілері тіркелгені белгілі. Кейбірі қазір сотқа жолданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өзге де жәйттер жайлы баяндады.

Биыл ішкі көші-қон саласында бірқатар былықтың беті ашылды. Бұл туралы бұрын да хабарладық. Прокуратуралық тексеріс кезінде де нақтыланды. Үй бағасын жөнсіз қымбаттату, құжат жүзінде ғана көшіп келген адамдар анықталды. Ал, «Ертіс орманы» резерватының бұрынғы басшысына қатысты іс қазір сотта. Сонымен қатар, спорт саласында да біратар тәуекелдер бар көрінеді.

МЕДЕТ ӘМІРАЛИНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Кәсіби клубтарды қарыжыландыру, спортық нысандарды жалдау бойынша қаржыны тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Сонымен қатар, оқу-жағттыу жиынын өткізу, спортық разряды игеру кезінде де заңсыздықтар орын алған. Жалған дипломмен жұмысқа қабылдау фактісі де бар.

Сонымен қатар, ескі үйлердің тұрғындарын жаңа баспанамен қамту жолында жасалып жатқа шаруа төңірегінде де заң бұзылған. Нақтырақ айтқанда салық замнамасы бұзылған. Ал, қазір республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрылысындағы жемқорлық тәуекелдерін зерделейтін мониторингтік топ жұмыс істеуде.

МЕДЕТ ӘМІРАЛИНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Мониторингтік топ осы уақытқа дейін 17 нысанда тексеріс жүргізді. Ішшінара бұзушылықтар бар. Үш бірдей жергілікті атқарушы мекеменің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі жұмыстарына еріктілер де ат салысуда. Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес жолына сандық технолиялардың мүмкіндігін пайдалану бойынша да жобалар іске асуда.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ДӘУРЕН СЫЗДЫҚОВ ЕА