Қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Себебі елімізде несие алып, оны төлей алмай жүрген қаншама адам бар. Осы ретте «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып отыр.

Қазіргі қоғамда несие алып, берешекке белшесінен батқан азаматтардың жағдайы жиі кездеседі. Оның бәрі қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан, төмен болуынан. Сондықтан «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытталған.

АИДА МҰСЫЛМАНОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

Жалпы жоба елдің барлық тұрғындарына арналған. Бастапқыда тек қарызы бар адамдар мен кәсіпкерлер ғана болатын, одан кейін қызмет ұлғайды. Оқушылар мен студенттер де осы оқудан өтеді. Жобаны мемлекет басшысының өзі қолдап отыр, ол өзінің Жолдауында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы айтып кеткен еді. Себебі оқу барысында сұрасақ, халық несиені қандай пайыз мөлшерлемесімен алғанын да білмейді. Тіпті келісімшартты да оқымайды.

Одан бөлек, әлеуметтік желі дамыған заманда алаяқтар да көбейіп кетті. Сондықтан сарапшылар алаяқтарға алданбау, несиені дұрыс есептеп алу, оны төлеу, кәсіп ашу, қаражатты сауатты пайдалану сынды қыр-сырларымен бөліседі. Жыл басынан облыста 5 мыңға жуық адам осындай оқудан өткен.

АИДА МҰСЫЛМАНОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ

Оқыту курсы 5 күнді қамтиды. Біздің облыста 4 сарапшы жұмыс жасайды. Мәселен 1 жұма Заря ауылында тұрғындарды оқыттық. Өткен жұмада Железин ауданында осындай оқу өтті. Жыл басынан бері 5 мыңнан жауық адам осы қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өтті.

Оқуға қатысу үшін «Аманат» партиясының филиалына алдын ала жазылу керек. Оқу аяқталған соң арнайы сертификаттар беріледі. Айта кетейік, жоба жылдың соңына дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА