Павлодар облысында адам паппилома вирусына қарсы екпе салу жүріп жатыр. №3 емханасында 11ден астам қыз балаға вакцина егілді. Толығырақ келесі сюжетте.

Бұл науқан Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей, мектептер мен емханаларда ата-аналардың келісімімен өтеді. АПВ инфекциясы жатыр мойны қатерлі ісігінің негізгі себебі болғандықтан, вакцинация қыздардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

ГЮЗАЛЬ ЖАБАГИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №3 ЕМХАНА ГИНЕКОЛОГЫ

АПВ дегеніміз адамның папилломавирусы, бұл жатыр мойны обырының қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Оны алдын алу үшін вакцинация жасалады. Өйткені, жатыр мойнының қатерлі ісігі бұл онкологиялық ауру. Сондықтан вакцинация жасалады. Вакцина ақысыз түрде қыз балаларға 11 жастан 13 жасқа дейін салынады. АПВ екпесі қатерлі ісікті алдын алуға болатын жалғыз жол. Павлодар облысында статистика өсуде. 2022 жылмен салыстырғанда жатыр мойны обырының ісігі 16 %-19% пайызға дейін өсті.

Медицина қызметкерлері тұрғындарға екпенің маңыздылығы туралы ақпарат таратып, аурудың алдын алу үшін екпе салдыру қажеттігін түсіндіруде.

ГЮЗАЛЬ ЖАБАГИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №3 ЕМХАНА ГИНЕКОЛОГЫ

Біз үгіт насихат жұмыстарын тек қазан айынан бастап жүргізе бастадық. Себебі мектептің келісімімен акушер гинеколог ретінде біз дәріс оқимыз. Ал вакцинация туралы дәрістерді терапевттер өздері жүргізеді. Егер қандай да бір шағымдар болса немесе гинекологтың бақылауы қажет болса онда жастар орталығына жүгінуге болады. Ол жерде гинекологтар вакцинацияя туралы жұмыс жасайды. Біз барлығына вакциянацияның қажеттілігі туралы статистика жүргіземіз. Әлемде бұл вакцинация ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Баланы жатыр мойны обырының қатерлі ісігінен қорғағыңыз келсе, онда АПВға қарсы ввакцина қою қажет.

Айта кетейік, Павлодар облысына 5600 доза адам папиллома вирусына қарсы вакцина әкелінді. Бүгінгі таңда АПВ инфекциясының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылады.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА