«Солтүстік қалалық» жаңа станциясының құрылысы аяқталды. Ол Павлодардың солтүстік-шығысы бөлігіндегі тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. Қуаттылық артқасын тұтынушылар саны да артпақ. Жаңа инвестициялық жоба жайлы тілшіміз айтсын.

«Павлодарэлектржелілік тарату компаниясы» АҚ нысандарында 2024 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысу мақсатында пресс тур ұйымдастырылды. Жалпы «Павлодарэлектржелілік тарату компаниясы» АҚ-на тиесілі «Солтүстік қалалық» жаңа шағын станциясының құрылысы туралы сұрақ 2016 жылдан бері қозғалып келеді. Биыл жоба қолға алынды.

Иван Миронец, «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ басқарма бастығы:

Оның себебі бұрын солтүстік қалалық шағын станцияның қуаты 35/10 киловольт болды. 30 ұяшығы болды. 16 меговаттан екі, 6 меговаттан 1 трансформатор жұмыс істеді. Жаңа шағын станция 110/10 киловатты құрайды. Жүктемесі 80 меговатқа көбейді. Ұяшықтары 60-қа жетті. Бұл қосымша тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.

Шағын станция мол мүмкіндік беріп отыр. Қосымша тұтынушыларды қосуға болады. Одан бөлек, станция толық автоматтандырылған. Апатты жағдайларды көруге, алдын алуға болады. Кабельді желілер өтеді. Ол қаупсіз деді, басқарма басшысы.

Иван Миронец, «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ басқарма бастығы:

Қазіргі таңда 27133 жеке тұлғаларға, 1729 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеміз. Шағын станция бизнес өкілдерін қосымша қуатқа қосуға мүмкіндік береді. Жанымызда белсенді өндірістік аймақ дамып келеді. Бұрын яғни тұтунышыларды шектесек, енді оларды қосуға жағдай бар.

Одан бөлек, компания «матрик 30т» аппаратын алған. Ол ақауларды алыстан көріп анықтай алады. 6 датчигі бар, 10 шақырым қашықтыққа ұшады. Станция құрылысына 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жоба құрылысы аяқталып қалды. Тек дабыл, қорғаныс бағыттары тексеріліп жатыр. Жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сол уақытта ескі станцияның жұмысы тоқтатылады.

Самал Қалиқызы