Аққулы ауданының полиция бөлімінің аға инспекторы Елдос Қойкен, ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы атынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол биыл сәуір айында өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарып, алып шыққан. Толығырақ келесі сюжетте.

Сәуір айында полицияның кезекші бөліміне үйдегі жанжал жайында хабар келіп түседі. Оқиға орнына жеткен сақшылар көрсетілген мекен жайдан жасөспірім балаларды анықтайды. Олар анасының Ертіс өзені жағасына кетіп қалғанын айтады.

Автопатруль өзен жағасына барады.

Елдос Қойкен, Аққулы ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор

Ауылдың тұрғындрынан естідік ол кісі Ертіс жағасына кетті деп. Ол кісі суға секірді, өзім артынан бірден суға секірідім. Ол кісі қатты көңілі түсіп кеткеннен кейін, суға батпақшы болды. Медициналық қызметкерлерді шақырдық бірден, олар бірінші медициналық көмек көрсетті, ауданға ауырханаға алып кетті. 23 қазан күні Астана қаласында президенттің атынан ішкі істер министрі генерал лейтинант Саденовтан Ерлік үшін медаль алдым. Аққулы ауданында ерлік жсағаным үшін.

Елдос шұғыл әрекет етіп, ерлік жасады. Осы әрекеті үшін «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. Елдостың ерлігі көпке үлгі.

Сабина Жолдаспаева