Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні. Осы күндері бұл салада еңбек етіп жүрген жанашыр жандар ерекше құрметке ие болады.

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Колос» шығармашылық орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған Павлодар қаласының әлеуметтік саласында жұмыс жасап жүрген азаматтары қатысты.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

Әр жылдың күзінде біз сіздермен осылай кездесіп тұрамыз. Сіздердің жұмыс біздің қоғам үшін өте маңызды екенін тағы бір мәрте еске салатын күн. Біздің ортамызда сіздің көмекті күтіп, қажет етіп жүрген адамдар көп. Әрқашан бізге көмекке келесіздер. Сол үшін сіздерге мың алғыс.

Бұл шараға Ардақ Құланбаева да қатысты. Ол 12 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік қызметкер болып жұмыс жасайды. Бастапқыда қарттардың жанынан табылған. Қазір кішкентай балаларға көмек қолын ұсынуда.

Ардақ Құланбаева, әлеуметтік қызметкер:

Он жыл мен біздің зейнеткерлер бөлімінде істедім.

Әжелермен, аталармен. 3 ші жыл балалармен жұмыс істеп жатырмын. Әлеуметтік қызметкерге әр адам бара бермейді. Мында мінездері жұмсақ, ақ жарқын адамдар істеу керек. Әр балаға жеке көзқарас болу керек.

Әлеуметтік қызметкер үлкен жүректі қажет ететін сала. Кейде олардың жұмысы көрінбей қалады, бірақ жасап жатқан әр ісі игілікке, сүйіспеншілікке толы.

Ардақ Құланбаева, әлеуметтік қызметкер:

Ауыр балалар болады жататын, қозғалмайтын. Көбінесе ДЦП балалар. Массаж істейміз. Ал қолдары істейтін балалрмен сурет саламыз. Прописьпен жазамыз.

Салтанатты шара барысында үздік әлеуметтік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Самал Қалиқызы