Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын мектеп кезінен оқушыларға түсіндіруден бастаған жөн. Осы ретте жыл сайын «Адал ұрпақ» слеті өтеді. Аудандық кезеңге тілшіміз барып, қатысып келді.

«Адал ұрпақ» слеті дәстүрге айналған шара. Оған мектеп оқушылары барлық ынта-жігерін салып қатысады. Ақтоғайда байқаудың аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Ол екі кезеннен тұрды.

Шұғыла Кәрсенбай, Мүткенов ЖОББ мектебінің оқушысы:

Жалпы осы адам ұрпақ сайысы бойынша айта кетсек, жемқорлықққа жоламау деген нәрселерден үйрету және басқа да адамдарға үйрету болып саналады. Біз Мүткенов мектебінің «Жалын» тобы аудандық, облыстық кезеңде бас жүлде алған болатынбыз. Жақсы өнер көрсеттік.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс түрлі деңгейдегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.

Аңсаған Құсайын, балалар өнер мектебі басшысының орынбасары:

Бұл байқау бізде облыстық болып табылады. Қазір аудандық кезеңді өткізіп жатырмыз. Біз бұл жерде аудандық кезеңді өткізіп жатырмыз. Шараның мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлық мәдениетіне тәрбиелеу. Алдағы республика күні қарсаңында адал ұрпақты тәрбиелеу мақсатында осы байқауды ұйымдастырып отырмыз.

«Адал ұрпақ» байқауының Ақтоғайдағы аудандық кезеңіне 11 мектептің 100–ден астам оқушы қатысты.

Самал Қалиқызы