Тереңкөл ауданында "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 35 шақырымына жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның барысында жабынның үстіңгі қабаты тегістеліп, жаңа асфальтбетон төселді. Сондай-ақ жол жиектері нығайтылып, белгілер қойылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Тереңкөл мен Железин аудандары шекарасындағы бұл автожол 7 жылға жуық уақыт бойы жөнделмеген. Биыл осы учаскеде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұл күрежолды жөндеуге 1 млрд 800 млн теңге жұмсалған екен.

Алмат Шойынбаев, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Павлодар филиалы директорының орынбасары:

Жөндеу жұмыстары норматив жағдайда ұстау және пайдаланушыларға жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалды. Негізгі жол Ресей федерациясанын границадан осы Железин ауданынан сосын Тереңкөл ауылына дейін жолдың тозуына байланысты үшін жүргізілді. Жалпы соммасы 1 млдр 800 млн теңгені құрайды.

Жұмыс сапасын ұлттық сапа жол активтері ұлттық орталығының мамандары тексерді. Кепілдік мерзімі 2 жыл. Халықаралық маңызы бар трассаның игілігін халық көріп жүр.

Әйгерім Тоқпанқызы