Ұлттық мереке- Республика күні қарсаңында Екібастұз қаласының көпбалалы аналары марапатталды. Шаһар әкімі Аян Бейсекин алтын құрсақты аналарға алтын және күміс алқа табыстады.

  Бұл күні Мемлекет басшысының жарлығымен алты және одан да көп бала туып тәрбиелеп отырған аналарға күміс және алтын алқа тағылды. Әйел – отбасының берекесі, тыныштықтың шырақшысы. Аян Бейсекин аяулы жандарды құттықтай келе, олардың қоғамдағы теңдессіз рөлін атап өтті.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Тәрбие тал бесіктен басталады демекші жанұядан алған тәлім бала үшін өмірлік азық, болашаққа бағдарламу болып табылады. Мемлекет басшысы жалпы ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойыну сіңіру, төл тарихымыз ерекше атап өткен болатын. Отбасында қалыптасқан тәрбие ел дамуы негізі болып табылады. Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеу және олардың бойында адамгершілік қаситтерді қалыптастыруда ананың рөлі өте жоғары. Сол себепті аналар барлық құрметке лайық.

Айта кетейік, биыл Екібастұз қаласында «Күміс алқа» мен «Алтын алқа»- белгісі 40 анаға берілген екен. Ал 1800 шаңырақ көпбалалы отбасы мәртебесіне ие. Ана- өмірдің бастауы, тіршіліктің арқауы. Ардақты жандарға арналған салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Әйгерім Тоқпанқызы