25 қазан - Республика күні. Қайта жаңғырған ұлық мереке халқымыздың рухын көтерді. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Онда атаулы күнге орай облыс алдында сіңірген еңбегі үшін бір қатар азамат марапатқа ие болып, қошеметке бөленді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл тұғыры биік тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болды. Сол уақыттан бері еліміз көптеген биік белестерді бағындырып, әлемге танылған ел болды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі;

Ел президенті біз байрағын биік ұстаған бабалар ұрпағымыз деп баса айтып өтті. Бұл мерекеде ортақ әрі бірге деген терең мағыналы ұғым жатыр. Ал қуатты ел тек халықтың бірлігі арқылы жасалады. Отанымыздың негізі тірегі халқымысыз, яғни сіздерсіздер. Сондықтан еліміздің өсіп-өркендеуі жолында баршаңызға алғысымды білдіремін.

Ұлттық мереке күні облыс алдында сіңірген еңбегі үшін өңір тұрғындары ұлықталып, көшеметке бөленді. Ұстаздар династиясының өкілі «Құрмет» ордені иегері атанды.

Байжамал Әбілшайхова, «Құрмет» орденінің иегері:

Әкем мен оның бауырлары Балтабай әулетінде ұстаздар династиясын құрды. Содан бері қаншама жылдар өтті, барлығымыз осы ұстаз болдық. Қазір балалары, немерелері де осы жолда. Еңбегім еленгеніне өте ризамын, алғысымды білдіремін. Мереке құтты болсын.

Өңірде тіл мәселесінде зор үлес қосқан Жеңіс Шанаққызына облыстың Құрметті азаматы атағы берілді. Оның ерен еңбегі елеулі.

 Жеңіс Мейірман, Павлодар облысының құрметті азаматы:

Әрине істелген еңбектің дер кезінде бағалнғаны жақсы. Еңбек үстем болып, әркім өз орынында жуапты қызмет атқарып жақсы жетістіктерге жете берсін. Көк ту мәңгілік желбірей берсің.

Ұлттық мереке соңы өнерпаздардың қатысуымен өткен концертке ұласты.

Қымбат Садық