Павлодарда «Жалын» жастар құрылтайы өтті. Шара еліміздің басты мерекесі Республика күні мерекесіне орайластырылды. Жиын аясында жастарға арналып әр түрлі тақырыптағы семинар ұйымдастырылды.

Елдің ертеңі, егемендіктің негізі әркез жастар. Олардың осы елдің іргесін берік, бірлігін бекем ұстар қасиеттерге ие болғаны маңызды. Оған бүгінен бастап қам жасамақ керек. Өйткені «Жастай берге тәрбие жас шыбықты игендей». Құрылтайға жиналған жас буын өкілдеріне әуелі Республкиа күнінінің мән-маңызы айтылды.

Құрылтай аясында әр түрлі сала өкілдері спикер ретінде таңдалып, жастарға ой саларлық сөз айтуға келіпті. Бірі мемлекеттік қызметтің маңызын айтса, бірі білім беру саласының қызығы мен қиындығын баян етпек. Бәрінің сөз түйіні еңбек және елге деген адалдық.

Құрылтай аясында өзге де спикерлер сөз алып ойларын ортаға салды. Жастардың Тәуелсіздікті нығайту жолындағы еңбектерінің маңыздылығы айтылды.

Жанасыл Серікбол