Төтенше жағдайлар қызметінің ұйымдастыруымен облыстық спартакиада өтті. Жарысқа облысымыздың қала мен аудандарынан келген құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қатысты. Келесі сюжетте.

Бұл спорттық шара қатысушылардың физикалық дайындықтарын шыңдап қана қоймай, командалық жұмысқа, шапшаңдыққа және қиын жағдайда шұғыл әрекет етуге шыңдайды.Оған әр ауданнан келген 22 маман қатысты.

Дастан Искара, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

Бұл жарыстың мақсаты-мемлекеттік қорғаушылардың үздік буынын анықтау. Бастапқыда жарыс қалалық, аудандық бөлімшелер арасында өтті. 8 кезеңнен тұрады. Негізгісі психологиялық жолақты анықтау. Бұл жарыс қызметкерлердің жұмыс дағдыларын, психологиялық жағдайын жақсарту үшін қажет.

Жарыс барысында өрт сөндіру, төтенше жағдайларда жедел көмек көрсету және қиындықтарды еңсеру сынды тапсырмалар болды.

Әділет Қабкен, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі:

Біздің топ командалар арасынан үздік болып бірінші орын алды. Бұл жарыстар біздің мамандығымызға байланысты септігін тигізеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын додағы қатысып отырамыз дайындықпен қатысамыз.

 Осындай жарыстар құтқарушылардың кәсіби деңгейін арттырады. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Сабина Жолдаспаева