Республика күніне орай Ақтоғай ауданында қариялар мен жастар арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Бұл жарыста кімдер басымдық танытты екен? Толығырақ келесі сюжетте.

Ақтоғай ауданының үлкендері мен жастары спортқа жақын. Әр мереке сайын бірлесіп түрлі шараларды қолға алады. Осы жолы Республика күніне орай бильярдтан турнир өткізді.

Дәуірбек Қарағожинов, аудандық ардагерлер клубының жетекшісі:

Бильярд жарыс өтіп жатыр жастармен ақсақалдар кездесіп. Жылда осындай жарыстарды өткіземіз. Ол жалғыз бильярд қана емес, шахматтан, дойбыдан ойнатқызамыз, жарыс өткіземіз.

Назарбай Займолда, «Жас қанат» жастар ресурстық орталығының директоры:

Шара барысы бойынша ұпай санымен белгілейтін боламыз. Қазір екінші турымыз финалға жолдама болып жатыр. Ақсақалдар 4-3 есебімен жастарды жеңуде. Биыл бильярд түрінен.

Айта кетейік, алдағы мерекелерде волейболдан ардагерлер мен жастар арасындағы жарыс өткізу жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы