Бүгін кітапханашылар күні. Адамзаттың ақыл-ойы кітапта десек, сол қазынаны сақтап қана қоймай қоғамға ұсына білетін кітапханашылардың еңбегін еш нәрсемен өлшеуге келмейді. Бүгінде облыста бес жүзден астам кітапханашы еңбек етеді. Солардың бірі Гүлбаршын Жайсаңғалиева.

Гүлбаршын Жаңсаңғалиева Торайғыров атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапхана қызметкері. 100 мыңға жуық қоры бар оқу залының кітапханашысы. Бар ғаламның даналығын жинаған қастерлі төрінде 18 жылдан бері еңбек етеді.

Гүлбаршын Жайсаңғалиева, кітапханашы:

Мен негізі Батыс Қазақстан Орал қаласының қызымын. Еңбек жолым Орал қаласының, Жәнібек ауданының орталықтандырылған кітапханасыда басталды. Сосын осы жаққа келіп осы оқу залында жұмысымды бастап кеттім облыстық кітапханаға Кітапханшыны қызметінің қиындығы да қызығы да бар.

Қызығы осыншама том-том мәтінді көздің қарашығындай сақтап, оқырманға ұсыну болса керек. Ал, қиыныдығы қарапайым, даналыққа толы еңбектің жауапкершілігде деп білдік. Сөрелерде самсап тұрған көркем әдебиеттің, ғылыми еңбектердің салмағын, киесін сезіну де терең таным иелеріне тән.

Гүлбаршын Жайсаңғалиева, кітапханашы:

Бір күн бір күнге ұқсамайды. Жұмыс қайнап жатады. Көптеген іс-шаралар өтеді. Оқырмандарымыз көп. Олардың сқранысы да күнде өзгере береді. Осы бөлімде 6 кітапханашы жұмыс істейді. Оқырмандардың керегін тауып беруге тырысамыз.

Кітапханаға жастар, орта буын, жасы үлкендер де келеді. Әрқайсысы әр түрлі бағыттағы еңбектерді, әр қилы жанрдағы әдебиеттерді сұрайды.

Гүлбаршын Жайсаңғалиева, кітапханашы:

Біздің бөлімде кітап қоры көп. 100 мыңға жуық кітабымыз бар. Анықтамалар, энциклопедия, өлкетану әдебиеттері Павлодар ыққан кітаптар. Жаратылыстану, медицина, экономика, педагогика, психология көп ұсрайды. Көркем дебиет сұрайды. Бірақ, біздің бөлімнің ерекшелігі қолға бермейді. Осында дайындалады оқырмандар.

Кітап адам жанының серігі. Осынау құнды қазынаны қамқор болып, әр парағын мәпелеген кітапханашылар еңбегіне айтар алғыс мол.

Жанасыл Серікбол