Павлодар ауданындағы Бірлік ауылдық мектебі алғашқы соңғы қоңырауды соқты. Білім ордасы былтыр қыркүйекте есігін ашып, 70 астам оқушыны қабылдаған еді. Ауылдағы су жаңа алдын ұя алғашқы оқу жылын табысты аяқтаған.
Бірлік ауылының балалары үшін биылғы оқу жылы ерекше. Көңіл толқытар соңғы қоңырау сәті де ерекшелегімен келді. Өйткені, өз ауылдарында алғашқы қоңырауды соққан оқушылар, соңғы қоңырауға да жетіп, оқу жылының парағын жабуда.
Жетпіс алты оқушыны қабылдаған мектеп, үш оқушыны үлкен өмірге баптап ұшырды. Жаңа мектептің ұстаздар құрамының 60 пайыздан астамы жас мамандар. Олар да оқушылармен бірге толқып, жас түлекке сәт сапар тілеуде.
Түлектердің көңілі тіптен толқулы. Әрі өздерінің жол бастаушы, із салушы түлектер екендіктерін де терең сезінеді.
Осылайша ауыл тарихтың жаңа парағын ашып, оқушыларды үлкен өмірге ақ батамен шығарып салуда. Атй кетсек, Павлодар облысында билы 5482 оқушы 11-сыныпты аяқтады.