ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Павлодар облысының жастарымен кездесті. Өңір жастары түрлі саладағы жетістіктермен бөлісіп, толғандыратын сұрақтарын ортаға тастады. Шара «Аманат» партиясының «Бір толқында» жобасы аясында қолға алынды.

Торайғыров университетінің қабырғасында белсенді жастар мен «Аманат» партиясының депутаттарын біріктірген «Бір толқында» шарасы ұйымдастырылды. Ол партияның «бір толқында» жобасы аясында өтті. Бұл жастар саясатын жүзеге асыруға, олармен байланысты нығайтуға, зерделі жастармен бір толқында болу мүмкіндігі.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Жастармен кездесу қашанда маңызды. толғандырған сұрақтарын тыңдау, жүзеге асыру аса маңызды. Саяси реформаларды, ірі өзгерістерді түсіндіру, бұл өте өзекті. Таптырмайтын алаң деп айтуға болады. Оның ішінде өте белсенді, көшбасшы жастар. Барлығы көшбасшы жастар жиналып отыр.

Кездесу барысында қатысушылар халық қалаулыларына сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Сауалдар елдегі саяси өзгерістер, конституциялық реформалар аясында ғана емес, депутаттардың өмірлік ұстанымдары, еңбек жолындағы кезеңдер туралы да болды. Мәселен, мына сұрақ Жарқынбек Амантайұлына қойылды.

Нұрсұлу Дәлелхан, қатысушы

Мендегі сұрақ осындай жаңағы сіздің сөздеріңіз жүрекке рух берді. Жас болсаңыз да талай сатыларды өттіңіз. Адамда түрлі ішкі принцип болады ғой. Сізде қандай себебі менде қазіргі сәтпен өмір сүр деген ғана. Бірақ бұл дұрыс па қате ме мен білмеймін. Осы тұрғыда кеңесіңіз қандай?

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Ең бірінші тұрақтылық. Тұрақтылық маңызды. Сосын, тағы бір қағида қандай да бір жағдайда ешкімге ренжімеу, біреуге ренжісең уақытыңды сарп етесің, осыны ұстануға кеңес беремін.

Шараның атмосферасы ерекше болды. Ашық алаңда бәрі өзін еркін сезінді. Кездесу қорытындысы бойынша жастарға партиялық билеттер табысталды.

Самал Қалиқызы