«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 20-шы еңбек маусымы жабылды. Ең үздік жасақ сарбаздарына мақтау қағаздар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Ары қарай тілші әңгімесінде.

 «Жасыл ел» 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Биыл ұйымдастырылған 20-шы еңбек маусымына 2000 нан жас қатысып, жұмысқа орналасты.

 Русана Сулаймонова, «Жасыл Ел» жасағының командирі:

Бүгін біз жасыл ел жастар еңбек жасақтарының 20-шы маусымын қорытындылаудмыз. Ең үздіктерін марапаттайтынболамыз. ҮЗдік штаб, онлайн шщтабтарымыз бар. 2000нан аса жастар жұмыс істейді. Біздің сарбаздарымыз түрлі акциялрға қатысөқан болады.

Бұл бастама елімізде сәтті орындалып келеді. Жастар зауыт, кәсіпорын, тұрғын үйлердің құрылысында еңбектенеді. Экологиялық, шығармашылық, еріктілер жасақтары да бар.

Русана Сулаймонова, «Жасыл Ел» жасағының командирі:

Әрине бізде сарбаздарымыз тек қана павлодар қаласында емес, барлық обылс бойынша . Өйткені біздің жұмысымыз әрбір аудан мен қалаларда жүргізіледі.

Арайлым Сүндет, 4- ші жыл қатарынан жаз мезгілі кезінде жұмыс істейді. Биыл жас сарбаз қала көшелерін күл қоқыстан тазартып, гүл отырғызды. Облыс орталығын абаттандыру жұмыстарына ат салысты.

Арайлым Сүндет, «Марғұлан» кұрылыс жасағының командирі:

Мен жасыл елге келгеніме 4 жыл болды. Мен еңек жолымды сарбаз ретінде бастадым, содан кейін жасақ командирі болып жасадым. Қазіргі таңда 3 жыл жасақ командирімін. Жалпы негізі жасыл ел бағдарламасымен жұмыс істегеніме 4 жыл болды. Сонымен қатар жастарды еңбекке баулы мақсатнда көптеген жұмыстар жасалып жатыр.

  Жабылу рәсімінде жасақ белсенділері 12 номинация бойынша марапатталды. Осыған қоса «Үздік еңбек отряды», "Үздік еңбек жасағы" және" үздік Онлайн-штаб " номинациясы бойынша мықтылар анықталды.

Салтанат Бауыржанқызы