Павлодар қаласының орталығында, халық арасында «Ленпарк» деп аталатын саябақ шетінде кішкентай үйшік бар. Ең алғашқы саябақтағы үйде қазір кім тұрады? Толығырақ алдағы сюжетте.
Қала орталығындағы бұл шағын алаңды ересектер мен балалар жақсы көреді. Мұнда сіз шынымен балалық шаққа тап болып, ертегі кейіпкерлеріне арналған мүсіндерді тамашаалй аласыз. Одан бөлек дәл осы аумақта Чернобыль апатын жоюшыларға арналған ескерткіш бар. Саябақ шетінде алаңсыз балалық шақты еске түсіретін үй бар. Бұл шағын үйшіктің тарихы туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Мұнда қазір 73 жастағы Валентина Заворотько пана тауып отыр.
Валентина Заворотько, тұрғын:
Бұл үй саябақтың қақпасы. Мен мұнда 1996 жылдан бері тұрамын. Осы жерде аула сыпырып, күзетші болып жұмыс істедім. Сол бір жылдары аула сыпырушы ретінде 2900 тг, ал күзетші ретінде 3000 тг жалақы төлейтін
Валентина Георгиевна әлі күнге дейін саябақтың ауласын тазалап жүреді. Шағын үйін нағыз бақыт мекені деп санайды.
Валентина Заворотько, тұрғын:
Осы үйде тұрып, өмір сүріп келемін. Бір жағынан басқа баратын жерім жоқ. 90-шы жылдары пәтеріміз болды, қазір ол да жоқ. Ұлым жұмыс істейді. Қанаша қаражат жинаса да, басымызға пәтер алуға жетпейді. Ақша күнделікті жүріп-тұруымыздан, тамақтан артылмайтыны рас.
Қария мейірімді, кез келген жанға жақсылық жасауға дайын. Ол айына небәрі 100 мың теңге зейнетақы алып тұрады. Бірақ үйге жағдай жасау үшін жеткізіліксіз. Қазір мұнда су мен жылу жоқ, тек электр қуаты жалғанған.
Валентина Заворотько, тұрғын:
Менің зейнетақымның өзі дәрі-дәрмектерге көптеп кетеді. Жартысы тегін беріледі, оған да рахмет. Қалған артысын сатып алып отырмын.
Валентина Григорьевна аппаратшы маман. Трактор зауытында 19 жыл жұмыс істеген. Ол бар махаббатын осы саябаққа арнаған, ал өзі тұратын шағын үйшігін нағыз жылулық орны деп айтады. Ғұмырын дәл осы үйде өткізіп келе жатқанына мүлде өкінбейді.
Сабина Жолдаспаева, Анастасия Ерш