Вейптерді сатуға болмайтын заң қабылданса да, заңзсыз саудалайтындар тыйылмай тұр. Мәселен, өңірде полиция жедел қызметкерлері жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын вейптерді, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын кесті.
Қойма ретінде жабдықталған жертөледен жүздеген мың электронды темекі құрылғылары, 1 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша, бухгалтерлік құжаттама мен өрескел жазбалар табылған. Бұл өнімдерді заңсыз сатты деп 5 азамат ұсталды. Олар бірге әрекет ете отырып, облыс аумағында интернет арқылы вейптер мен құрамында никотин бар өнімдерді саудалаған.
Айта кетейік, биылғы жылдың 20 маусымында вейптерді сатуға тыйым салынған болатын. Заңға бағынбай, мұндай өнімдерді саудалағандарға жаза қарастырылғанын есте сақтаған жөн.
Қымбат Садық