Павлодар қаласының Ертіс музейінде Маңғыстау өңірінің суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрме -жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара аясында 30-дан астам шебердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Он саусағынан өнер тамған шеберлердің бұйымдары мен қылқалам туындылары көпшілікке ұсынылды. Оның ресми ашылу салтанатына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова қатысты.

АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ғасырлар бойы ата-бабамыздан келе жатқан бай дәстүріміз қолөнерді сақтап, қазіргі заманға сай етіп жаңғырып шығарған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар сұранысқа ие. Бұл бәрімізге мәлім. Ал енді бүгінгі көрме-жәрмеңке Палодар қаласының тұрғындарына, жалпы Ертіс- Баян өңірінің көңілінен шығатына сенімдімін. Маңғыстау қонақтарына көрме сәтті өтуіне тілектеспін.

Бұл көрме-жәрмеңке тек өнер туындыларын көрсету алаңы ғана емес, сондай-ақ ұлттық қолөнерді қолдап, жергілікті шеберлердің еңбегін бағалайтын орынға айналды. Қолөнер бұйымдарын сатып алуға мүмкіндік беріліп, Маңғыстаулық шеберлер көрсетілім ұйымдастырылды.

АҚМАРАЛ ЗЕИЛОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қазіргі креативті индустрияны іске асыру мақсататында. Сол креативті инсдустрия арқылы біздің жергілікті қолөнершілеріміздің, қылқалам шеберлерін және зергерлердің жұмысын насихаттау. Өзге ұлт өкілдеріне біздің өңірдің қолөнерін таныстыру. Сонымен қатар біздің жергілікті эксклюзивті брендімізді таныстыру. Сонымен қатар осы көрме арқылы, бұйымдарды таныстыру арқылы әрине қала тұрғындарына, қонақтарына қалтасы көтеретін бағада сатып, біздің кәсіпкерлікке қолдау көрсету.

Көрме-жәрмеңкеде түрлі өнер туындылары мен қолданбалы бұйымдар ұсынылды. Маңғыстау өңірінің шеберлері күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ағаштан, теріден және тастан жасалған бұйымдар көрсетті.

МАРАТ АМАНТАЕВ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ (МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ)

Қолөнермен айналысқаныма осы 3 жылдай болып қалды. Былғары, теріден бұйымдар жасаймын. Сумка, барсетка, белбеу, кошелек жасаймын. Қазіргі таңда қамшылармен айналысып жатырмын. Бұл қамшылар түрге бөлінеді. Кәдімгі қара қамшы, бәйгі қамшы, көкбар қамшы, бала қамшы деп. Сол қамшыларды мен қазір өріп, әкеліп отырмын. Олардың әрбіреуіне қиындығына байланысты әртүрлі уақыт кетеді. Біреуіне 2 күн кетсе, біреуіне 3-4 күн кетеді.

ҚУАНЫШ ШЫНТЕМІРОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ (МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ)

Бұл біздің ұлттық брендіміз Маңғыстаудағы. Бұл жұмыс ұзақ уақыт алады. Қолөнер шеберлігі деген күрделі жұмыс

Айта кетейік, көрме-жәрмеңке екі күнге созылады.

Сабина Жолдаспаева