Май ауданының кітапханасында түрлі жобалар іске асып келеді. Соның бірі – «Білгенге маржан» деп аталады. Оның барысында әлеуметтк желіде «Әже мен білгішпек» айдары ұсынылып, балаларды кітап оқуға шақырады. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Аудандық кітапхана қорында 144 мың кітап бар. Осыншама қазынана көпшілікке, оның ішінде балаларға ұсынудың тың жолын Май ауданының кітапханашылары ұсынды. 2019 жылдан бастап «Білгенге маржан» жобасы жүзеге асып келеді. Оның аясында оқырмандар саны артып, кітап оқуға құштар жандар көбейген.
Жоба аясында әлеуметтік желідегі «Әже мен білгішпек» айдары бар. Айдар қазір қарқынды дамып келеді. Яғни, мұнда түрлі кітаптың қысқаша мазмұны қызықты түрде айтылып, кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасына салынады. Оны көрген бала қызығып, кітапты оқуға асығады екен.
АҚМАРАЛ НӘЖМИДЕНОВА, МАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ БАЛАЛАР БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Қазіргі осындай дамыған заманда балалрға инстаграмм жүйесі арқылы «білгішпек» баламмен насихаттған жұмыста балалр өте көп келеді. Кітап оуқға қызығушылығы пайда болады. Мұнда балалар тек бір ертегімен ғана шектелмейді, әртүрлі романдар мен балаларға қызықты әдебиеттер өте мол
Бұдан бөлек кітапхана қызметкерлері зағип жандармен де жұмыстар істейді. Әлеуметтік желіде бала қызығушылығын арттыратын жобалар көбейе түспек.
Қымбат Садық