Павлодарда есірткіге қарсы мобильді пункт жолға шықты. Оның ішінде психологтар, дәрігерлер, полицейлер отырады. Мобильді топ жұмысын Ақсу қаласынан бастады.

Павлодар облысының полиция департаментімен ерекше жоба қолға алынды. Есірткіге қарсы мобильді пункті енді облысымыздың барлық қала, аудандарын аралайды. Алдын ала кесте құрылды. Аталмыш пункт жұмысын Ақсу қаласынан бастады.

ЖІГЕР ЖАҚСЫБЕКОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Дені сау ұрпақ ұлт болашағы. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткімен күрес маңызды. Ол үшін ешкімнің шетте қалмауын қадағалау қажет.

Осылайша тұрғындар алысқа бармай ақ мамандардан сапалы ең бастысы анонимді түрде көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алады.

ҚАЙРОШ ЖӘРДЕМ, АҚСУ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КОЛЛЕДЖІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Менің ойымша ол өте керекті. Себебі біздің жастар сондайға көп арбауға түсіп жатыр. Ролките де айтып жатыр гой. Олар ойлап қалады бәрін аламыздеп. Себебі жастар қазір көп еліктегіш.

Мобильді кешенде психологтар, медициналық мамандар, полиция қызметкерлері болады. Пунктте қажетті ақпараттық материалдар, бейне және аудиотехникалар бар. Тіпті жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромын анықтайтын экспресс тестермен де қамтылады.

БОЛАТ НҰРСЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аудандардың барлық тұрғындары мамандардан кәсіби кеңес ала алады. Көкейдегі сұрақтарын қойып, есірткінің тигізер кесірі туралы толығырақ білетін болады. Оның ішінде заңсыз есірткі айналымы туралы толығырақ айтылады. Әр маман өз бағыты бойынша ақпарат ұсынады. Мәселен, дәрігер жастарға есірткінің тигізер зияны туралы айтса, прокурорлар қандай санкциялар қолданылатын айтады.

Егер жоба өзінің жемісін берсе, еліміздің өзге өңірлерінде де қолға алынады.

Самал Қалиқызы