8 желтоқсанда өңірімізде қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған дейін шыққандардың орнына бір-бірден халық қалаулысынан сайланады.
Қалалық мәслихатта депутат №10 бір мандатты аумақтық округ бойынша шығып кетті. Оған Жетекші, Мойылды ауылдары және екінші Павлодардың бір бөлігі кіреді. Қазір 3 үміткер тіркелді. Біреуі саяси партиядан, екеуі өзін-өзі ұсынды. Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын 13 қарашадан 7 желтоқсанға дейін жалғастырады.
ВЕРА ГЕЙНЦ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 18 қарашада учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті, олар сайлаушылар тізімін алды. 22 қарашадан бастап аумақтық №10 округке жататын сайлаушылар осы тізімдерде өздерін тексере алады. 27 қарашаға дейін сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
Сонымен қатар, 8 желтоқсанда Павлодар облыстық мәслихатына сайлау өтеді. Онда 3 үміткер тіркелді.
Самал Қалиқызы