Шаһарымызда жеңіл атлетикадан қыздар мен ұлдар арасында облыс чемпионаты өтті. Жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар қатысты.

Бүгінгі жарыс жүгіру сайысына арналды. Спортшылар әртүрлі қашықтықтарда өз шеберліктерін көрсетуге тырысты.

Чемпионат облыстың барлық аудандарынан қатысқан спортшыларды біріктіріп, жеңіл атлетика спортын одан әрі дамытуға үлес қосуды мақсат етіп отыр.

МҰРАТ ҚОЖАГЕЛДИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Бүгін біз 2012-2013-2014-2015 жылдары туған және кіші жас топтары арасында облыс чемпионатын өткіземіз. Қатысушылар саны 200-ден асты. Облысымыздың барлық аудандарынан қатысушылар келді. Бұл Ақтоғай ауданы, Павлодар ауданы және Успен ауданы. Ақсу қаласы мен Павлодар қаласының спортшылары да бар. Жарыс 2 күнге созылады. Бүгін толығымен жүгіру жарысы ,үлкен залда өтеді. Ал ертең шағын залда ұзындыққа секіру өтеді. Оған да 100-ге жуық спортшылар қатысады.

Облыстық жеңіл атлетика чемпионатына қатысқан басқа аудан мен ауылдардан келген жаттықтырушылар өз шәкірттерінің жетістіктеріне үлкен үміт артып отыр. Олар өз оқушыларының жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болатынына сенімді.

АСҚАР ҚАНАТБЕК, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ (ПАВЛОДАР АУДАНЫ)

Біз осы жарысқа 10 бала әкелдік. Олардың ішінде жартысы жарыстарға бірнеше рет қатысып жүргендер, жаңа қатысушылар да бар. Осы жарыстан 3-4 орын аламыз деп ойлап отырмыз. Осы облысм бойынша бізде жүлдегерлер бар. 3 адам разряд алғандар бар. Жеңістер бар.

Жас спортшылар жарысқа белсене қатысты. Кейбір балалар жарысқа қатысып, өз нәтижелерін көрсетті. Ал енді бірі дайындық үстінде.

ЮЛИАНА ТОКАРЬ, ҚАТЫСУШЫ

Мен жүгірісстен 50 метрге қатысып, 2ші орын алдым. Енді 800 метрге жүгіремін. Сол жерден де орын алып, нәтиже көрсеткім келеді. Қарсыластарым мықты. Бірақ мен бірінші жүгіріп келемін деген ойдамын.

АВДЕЙ ПОПОВСКИЙ, ҚАТЫСУШЫ

Жарыста мен жүгіріп, жеңіске жетіп, разрядқа ие болдым. Мен 50 метрді жүгіріп өткен соң, 2ші разряд алдым. 2ші орынға иеленіп, финалға өттім. Қазір енді 800 метрді жүгіремін. Қалай болатынын әлі білмеймін. Мен қарсыластарымды жеңемін.

Айта кетейік, чемпионат екі күн бойы жалғасады. Бүгін жүгіру жарысынан мықтылар анықталса, ертең секіру сайысы бойынша шеберлер сынға түседі. Қатысушылар мақтау қағаздармен марапатталады.

Сабина Жолдаспаева