Ақсу ауылдық аймағында 25 бас жылқы ұрланған. Осылайша шаруашылық иесі қыс келген кезде шығынға ұшырады. Күдіктілер ұсталды. Толығырақ келесі сюжетте.

Күзгі-қысқы кезеңде мал ұрлығы көбейеді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылдық аймағының маңында еркін жайылымнан 25 бас жылқы ұрланған, осылайша, ауыл шаруашылығы жануарларының иесіне аса ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірілді.

ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында 18-20 қараша аралығында өңірде «Мал ұрлаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Ақсу қаласының ауылдық аймағында 25 бас жылқы ұрланғаны анықталды. Полиция қызметкерлері облыстың күдік туғызған төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер етті Екібастұзға тапсыруды жоспарлады, алайда оларды полиция жол бойында тоқтатты. Мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция департаменті мүлік құқығынан басқа, әр иесінің оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті бар екенін еске салады.

Самал Қалиқызы