Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған оқыту семинарын ұйымдастырды. Тілші материалынан толығырақ көрейік.

. Семинардың басты мақсаты азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету және қажетті құжаттарды алу процесінде кедергілерді жою мәселелерін қарастыру болды. "E-gov"порталы арқылы қандай да бір анықтамаларды алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Семинар мемлекеттік органдардың, банктердің және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін e-gov платформасын және "үшінші тұлғалар"сервисін тиімді пайдалануға маңызды ақапарат береді. Мұндай семинарларды тұрақты негізде - жиі өткізу қажет деп санаймыз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің көп бөлігін үйден шықпай-ақ, мобильді қосымшаны пайдалана отырып алуға болады. Бұл уақытты едәуір қысқартады, қосымшаның өзі азаматтарға осы немесе басқа қызметті оңай және кезең-кезеңімен алуға мүмкіндік береді.

АЗИНА МҰХАМЕДЬЯРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі күні бізде барлық мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы цифрландырылды. Электрондық үкімет порталында ең маңызды деген анықтамалар бар. Мысалы, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын қызметтерге қатысты, зейнетақы жинақтары туралы, психо-нарко сияқты анықтамалар іске асырылды.

Жасына байланысты немесе қандай да бір себептермен мобильді қосымшаны пайдалана алмайтындар үшін ХҚКО-ның әрбір бөлімшесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

АЗИНА МҰХАМЕДЬЯРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Иә бізде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда қызметкерлер барлығын оқытады, көрсетеді, қосымшаны жүктейді, орнатап береді. Сондай-ақ, провайдерлер ретінде көмектесіп, мемлекеттік қызметтерді көрсетеміз.

Семинар барысында құжаттарды алу процесін жеделдететін және жеңілдететін заманауи ақпараттық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Бюрократиялық кедергілерді қысқарту мүмкіндігі де қарастырылды.

Қымбат Садық