Тереңкөл ауданы, Береговое ауылдық округінде тіршілік жанданып жатыр. Қазір мұнда жалпы саны 1413 халық тұрады. Ауылдың тыныс-тіршілігі жайын алдағы материалдан көрейік.
Тереңкөл ауданында 20 мыңнан астам халық тұрады. Құрамында 30 елдімекен, 12 ауылдық округ бар. Солардың бірі Береговое ауылдық округі. Онда жалпы саны 1413 халық бар, сондай-ақ, құрамына 4 ауыл кіреді. Халықтың көбі мал шаруашылығымен айналысады, 50 қожалық жұмыс істеп тұр.
Биыл мұнда 4 көшеге асфальт төселіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Сондай-ақ, өткен жылы ауылға сорғы станциясы орнатылып, әрбір үйге су тартылыпты. Қазір тұрғындар игі істің нәтижесін көріп отыр.
Айта кетейік, алдағы уақытта түрлі бағдарламалар аясында жұмыстар атқарылады екен. Жалпы, ауылды көркейту жалғаса бермек,
Қымбат Садық