Достық үйінде «Адамзаттың асылы – Ана» атты республикалық форум ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары, республикалық аналар кеңесінің төрағасы арнайы қатысты. Форумда өзекті тақырыптар қозғалды.
Ана – тіршілік тұтқасы, отбасының берекесі, алтын діңгегі, тілеуқор қолдаушысы. Республикалық форумға қатысушы қонақтар алдымен қолөнершілердің көрмесін тамашалады. Бұл «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобаларын іске асыру мен қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамтыды.
АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
ҚХА Аналар кеңесі отансүйгіштік, этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуда өз үлесін қосуда...Ерекше қажеттіліктері бар балалар мүддесін қорғау жұмыстары жүзеге асырылуда
Республикалық Аналар кеңесінің төрағасының айтуынша Павлодар барлық өңірлер арасында озық тәжірибеде жұмыс істейді. Осы мақсатта форумға 13 облыстағы Аналар кеңесінің өкілдері қатысты. Мұнда лудомания, вейп сынды маңызды мәселелер көтеріліп, түрлі ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, мұндай форум Астана қаласында өткен болатын. Онда қалалық прокуратура басқармасы бастығы Айжан Аймағанова құқықтық тəрбиені қалыптастырудағы отбасының рөлі мен заңдылықты нығайту мəселелерін көтеріп, «Бәрін өзіңнен баста» деп Үндеу тастады. Осы ұранды біздің Аналар кеңесі қолдап отыр,
Жалпы форум облыстық Аналар кеңесінің атқарылған жұмыстарын көрсетіп, өзге өңірлерге тәжірибе алмасу мақсатында өтті. Форум соңында жыл бойы Аналар кеңесімен бірлесе жұмыс атқарған жандар марапатқа ие болды.
Қымбат Садық